Биыл туризмнен 224 млрд теңге кіріс түсті
Елімізге 6 млн турист келген
2024 жылы Қазақстанда туризмнен 224 млрд теңге кіріс түсті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Primeminister.kz мәліметінше, биыл Қазақстан туризмі үшін айтулы жыл болды.
Елімізде туризм саласы тұрақты түрде дамып келеді. 2024 жылдың 9 айында ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 млн адамға жетті.
Шетелден келетін туристер легі 11,5 млн адам болды. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе жуық көп. Оның ішінде шетелдік 969 мың турист орналастыру орындарына жайғасты.
Орналастыру нысандарының жалпы кірісі 27%-ға өсіп, 224 млрд теңге болды. Орналастыру нысандарының саны 306 бірлікке өсіп, 4315-ке жетті, ал олардың сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға дейін артып, 226 мыңға жетті. Бұл Қазақстанның ішкі және сырттан келген туристерді қабылдауға дайындығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Туризмге салынған инвестиция көлемі қарқынды өсіп келеді. Мысалы, биыл 10 айда оның көлемі 33,6%-ға артып, 668,1 млрд теңге болды.