Мемлекеттік еңбек инспекторлары 17,5 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады
Қызметкерлеріне жалақы төлемеген кәсіпорындарға 50,3 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша республиканың 277 кәсіпорны 18,7 мың қызметкерге 4,4 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екені анықталған. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,5 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы анықталды.
Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 249 ұйғарым берілді және 50,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, – делінген министрлік хабарламасында.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 17,5 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады. Оларға 3,4 млрд теңге төленді.