Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ

 Динара Амантай 09.12.2024 | 09:45
Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді
Фото: Halyq Uni

Бүгін «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен Астана уақытымен 8 сағат 24 минут 10 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер: есептік қарқындылығы Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылы 2 балды құрады, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Ведомство өкілдері жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды ұстануға кеңес береді:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден алшақ болыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда болсаңыз), ал көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріп кетуге тырысыңыз;
  7. Дабыл жол қобдишасын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама