Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды
Полиция тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады
Талғар қаласының маңында Шерхат Болаттың 30 жастағы ағасының мәйіті табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алматы облысы ПД-ның алдын ала мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Қайтыс болған адам – Шерзат Болаттың ағасы. Биыл 4 желтоқсанда ол көз жұмған. Қылмыстық іс қозғалды, тергеліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Осы уақытқа дейін Шерзат Болаттың отбасы үнемі полицияның қорғауында болған.
Оларға қандай да бір қауіп төнген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің түсініктемесі бойынша ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кеткен. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды, - деп жазылған хабарламада.
Полиция марқұмның өлімінен ешқандай қылмыстық әрекетті байқамаған.
Айта кетейік, биыл 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмған еді.
12 қазанда марқұмның отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кетті. Полиция 5 бап бойынша қылмыстық істі тіркеді. 11 күдікті ұсталды.