Зеленский Парижде Трамп және Макронмен кездесті

Халық үні

Бәріміз бұл соғысты мүмкіндігінше тез әрі әділ аяқтағымыз келеді, - дейді Украина президенті

фото: AP Photo/Aurelien Morissard

Елисей сарайында Франция президенті Эммануэль Макрон, Украина президенті Владимир Зеленский және АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың үшжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әңгіме жарты сағатқа созылды. Кездесуден кейін саясаткерлер өрттен кейін қалпына келтірілген Нотр-Дам соборының ашылу салтанатына бет алды.

Зеленский әлеуметтік желіге өздерінің бейбітшілік туралы әңгімелескендерін жазды.

Президент Трамппен және президент Макронмен жақсы, нәтижелі кездесу өтті. Президент Трамптың әдеттегідей шешімі нақты. Ол үшін рахмет. Сондай-ақ мен президент Макронға Парижде осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. Біз өз халқымыз, ұрыс даласындағы жағдай және Украина үшін әділетті шешім туралы айттық. Бәріміз бұл соғысты мүмкіндігінше тез әрі әділ аяқтағымыз келеді. Осы жұмысты жалғастыруға келістік. Бейбітшілік күш біріктіру арқылы ғана мүмкіндікке ие! - дейді Украина президенті.