Halyq Uni логотип
×

Астанада мәслихат депутатын сайлау басталды

Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді

 Халық үні 08.12.2024 | 12:32
Астанада мәслихат депутатын сайлау басталды
фото: zakon.kz

8 желтоқсанда №6 бір мандатты аумақтық сайлау округінен шығып қалған адамның орнына Астана қаласы мәслихатының депутатын сайлау басталды, деп хабарлайды Halyq Uni қалалық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Таңертеңгі сағат 7-ден бастап, Астанада 19 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның үшеуі – жабық.

Айта кетсек, мәслихат депутаттары 5 жылға сайланады. Сайлау бюллетеніне 6 кандидат енгізілді. Астана қаласы бойынша сайлауға Байқоңыр ауданында орналасқан №6 бір сайлау округі қатысады.

Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Осыған дейін округтің әрбір тұрғынына атаулы шақырулар берілген болатын. Сонымен қатар, учаскелік комиссия мүшелері 17-27 қараша аралығында сайлаушылар тізімін таныстыра отырып, ауланы аралап шықты, - деп мәлімдеді қалалық сайлау комиссиясы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама