Жеңіліп көрмеген саңлақ мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізіп отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.
Еске сала кетсек, UFC 310 турнирі аясында отандасымыз Шавкат Рахмонов ирландиялық Иен Гэрриге қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді.
Лас-Вегаста (АҚШ) өткен кездесу 5 раундқа жоспарланып, нәтижесінде Шавкат Рахмонов айласын асыра алды. Сонымен, ол мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Бұл – Шавкат Рахмоновтың алғаш рет 5 раундқа созылған жекпе-жегі.