×

Ресей Украинадан кейін қай елге соғыс ашуы мүмкін?

Бұған дейін түрлі болжам айтылған болатын... 

фото: ашық дереккөзден

Ресей Федерациясының экс-премьері Михаил Касьянов Euronews телеарнасына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғыс екі жылға созылуы мүмкін, ал Ресейдің демократияға қадам басуы мен өзге елдермен қарым-қатынасын дұрыстауына он жыл кететінін айтты. 

Оның айтуынша, «депутинизации» жүргізіп, Ресейге өркениетті әлеммен, әсіресе көрші әрі негізгі серіктесі Еуропа одағымен сенімге құрылған элементтерді қалыптастыруға он жылдай уақыт кетеді. Ол көпшілік сияқты соғыс басталатынына сенбегенін, қазіргі уақытта Путин саяси шындықпен байланысын жоғалтты деп санайтынын атап өтті.
 
Экс-премьер Путин құрған жүйе өзінің қатаңдығы жөнінен Кеңес одағының соңғы кезеңінен де асып түскенін, оның құрған жүйесі заңсыздық пен жауапсыздыққа иек артқан «КГБ» жүйесі екенін айтады.

Ол сондай-ақ Украина егер соғыста жеңілсе, келесі нысана Балтық елдері болады деген пікірде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама