Halyq Uni логотип
×

БҚО-да Гүлназ Нәбиеваның өзі оқыған мектепке тақтасы қойылады

Агро-Техниқалық университетте Тәуелсіздік тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 Ербол Тұрымбет 06.12.2024 | 17:56
БҚО-да Гүлназ Нәбиеваның өзі оқыған мектепке тақтасы қойылады
Коллаж: Halyq Uni

Жәнгір хан атындағы БҚО Агро-Техниқалық университетінде Тәуелсіз күні аясында  «Егемендік – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім»  атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

1991 жылы 16 желтоқсанда Казақ елі тарихында бірінші рет «Егемендік туралы» заң қабылданды. Осыдан 3 жыл бұрын II  Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Сөйтіп, 25 қазан – азаматтардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігінің нышанына айналды.

Отырыста философия докторы (PhD)  Асхат  Әмен «Тәуелсіздік және жастар: мемлекеттің болашағы» тақырыбында баяндап берсе, өзге қатысушылар Қазақстанның экономикалық және саяси байланыстарының қазіргі жағдайына шолу жасады.

БҚО Қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкееваның айтуынша, бүгінде БҚО-да «Батыс Желтоқсан» ҚБ жұмыс істейді. Оған 60 астам адам кіреді, жыл сайын мемлекет тарапынан бірмезгілдік көмек алады.

Айта кетерлік жайт, былтыр Алматы қаласы сотының шешімімен ақталған Гүлназ Нәбиеваның тақтасы биыл Ақжайық ауданыңда өзі оқыған мектепке қойылады деп жоспарланып отыр.

Университет үшін Тәуелсіздік үшін зор үлес қосқан жандардың бірі ретінде Аманжол Зейноллаұлы Зинуллиннің орны ерекше. Мемлекет, қоғам қайраткері, ел мүддессін жеке басынан жоғары қоя білген біртуар азамат ғибратты ғұмырын ел экономикасы мен ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арнады. Әсіресе, облыста ауыл шаруашылығының ғылыми тұрғыда негізделуіне үлкен үлес қосты. Мемлекеттік қызметті бірге ала жүріп, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ұстаздық етіп, генетика және биотехноголия саласында ғылыми-танымдық еңбектер жазды.

Басқарма басшысы Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің, өңірдің жетістіктеріне тоқталып, бірқатар статистика келтірді. Мәселен, бүгінде ауылдық жерлерде жұмыс күші тапшылығын жою, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын сақтау мақсатында арналған «Қаладан Ауылға» пилоттық жобасы іске асырылып келеді. Жоба бойынша қоныс аудару үшін 57 ауыл белгіленген. Осыған дейін ауылдық жерлерге 60 отбасы қоныс аударып, 120 отбасын көшіру жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау саласында облыс бойынша  50 медициналық нысандар салыну үстінде, оның 12-сі былтыр тапсырылса, биыл 38-і бітеді. Тағы 13 нысан күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Білім саласында 27 мектептің құрылысы басталған. 2023 жылы 16 мектеп пайдалануға берілсе, 2024-2025 жылдарда қалған мектептер де қолданысқа енбек. Қазталов және Тасқала аудандарында спорт кешендері аяқталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама