Елімізде күн күрт суиды
Ауа температурасы минус 28 градусқа дейін төмендейді

Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райын Солтүстік циклонның терең жырасы айқындайды.
Ауа-райы тұрақсыз болады. Шығыста қатты қар жауады, бұрқасын күтіледі, оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. Таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады, - деп жазылған хабарламада.
Шығыс, оңтүстік және орталықта көктайғақ болады. Батыс пен солтүстік-батыста кең ауқымды Скандинавиялық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ауа температурасы түнде батыста минус 5-13 градус аязға дейін, солтүстік-батыста минус 13-25 градус аязға дейін, солтүстікте минус 20-25 градус аязға дейін, Қазақстанның орталығында минус 15-28 градус аязға дейін, шығыста минус 18-26 градус аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста минус 8-21 градус аязға дейін төмендейді, - деп жазылған хабарламада.