2025 жылы БҚО-да 40 медициналық нысан пайдалануға беріледі
Жас дәрігерлер де қолдау көрсетіліп жатыр
2024 жылы Батыс Қазақстан облысында 9 медициналық нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
2025 жылға дейін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдарда 40 медициналық объекті, оның ішінде 38 ұйым мен 2 ауданаралық аурухана салынуға тиіс.
Биыл өңірде 38 медициналық нысанның құрылысы басталды. Бүгінде 9 объект пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 15 объектінің құрылысын аяқтау жоспарланған, ал 2025 жылы 14 объект пайдалануға беріледі, - деп жазылған хабарламада.
2023 жылы 12 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) пайдалануға берілді:
- Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылында,
- Бәйтерек ауданы Новенький ауылы,
- Жаңақала ауданы Қызылоба ауылы,
- Жәнібек ауданы Жақсыбай, Қамысты ауылдары,
- Казталов ауданы Қараөзен, Бостандық ауылдады
- Сырым ауданы Өлеңті ауылы,
- Теректі ауданы Барбастау, Сарыөмір ауылдары.
- Бөрлі ауданы Аралтал ауылы,
- Бәйтерек ауданы Аса ауылы.
Сондай-ақ облыста 1772 дәрігер, 6703 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.
Биыл облысқа 135 дәрігер келіп, жұмысқа орналасты. Оның 72-сі ауылға жіберілді. Былтыр облысқа 122 медициналық маман жұмы істеуге келді. Оның 50-і ауылда еңбек етеді, - деп жазылған хабарламада.
2024 жылы жергілікті бюджеттен жалпы медицина мамандығына 45 грант, резидентураға 9 грант бөлінді.
Биылдан бастап жас медицина мамандарына біржолғы төлем Орал қаласында 1,5-2,5 млн теңге, аудандарда 2,5-8 млн теңгеге дейін ұлғайды. 2024 жылғы 11 айда 76 маман бір реттік өтемақымен қамтамасыз етілді (оның 44-і ауылда), 25 маманға қызметтік тұрғын үй бөлінді, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, былтыр 92 маман біржолғы төлеммен қамтамасыз етілді (оның 47-сі ауылда), 33 маманға қызметтік үй берілді.