Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

Бұған уәкілетті мемлекеттік органдар бастамашылық жасады

 Динара Амантай 06.12.2024 | 18:00
Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда 8 жаңа кәсіби мереке пайда болады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Кәсіби мерекелер тізбесін келесідей атаулы күндермен толықтыруды көздейді:

  1. 28 қаңтар – Қаржылық мониторингі органдарының күні;
  2. шілденің бірінші жексенбісі – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;
  3. тамыздың бірінші жексенбісі – Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;
  4. қыркүйектің екінші жексенбісі – Бақылау өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;
  5. 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;
  6. қазанның соңғы жексенбісі – Автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;
  7. 10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;
  8. 13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі күні.

Бұдан басқа Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні бүған дейін Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілуіне байланысты, аталған мерекелер қайталануды болдырмау мақсатында осы тізбеден алып тастау жоспарланып отыр.

Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады.

Құжат 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқыға ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама