600-ден аса лауазымды адам жауапқа тартылды
Қазақстанда 542 жекеменшік білім беру мекемесіне жоспардан тыс бақылау жүргізіліп, бірқатар заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Білім министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп жан басына шаққандағы қаржыландыруды алатын жекеменшік оқу орындарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының, санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың және тағы басқа талаптарды сақтау тұрғысынан тексеру жүргізу тапсырылды.
Нәтижесінде осындай 542 білім беру мекемесіне жоспардан тыс бақылау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 5219 өрт қауіпсіздігін бұзу, 436 мектепте санитариялық нормаларды бұзу фактілері анықталды. Аталған заңбұзушылықтар үшін жалпы көлемі 82 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 611 жауапты адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген Жоғары аудиторлық палата хабарламасында.
Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата орта білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысына мемлекеттік аудит жүргізген болатын. Аудит барысында кейбір жекеменшік білім беру ұйымдарында қолданыстағы заңнама нормаларының бұзылуы анықталды.