Ішкі туристердің саны 6 млн-ға жуықтады
Олар көбінесе Астана мен Алматы қалаларына барған
Елімізде ішкі ішкі туристердің саны артты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ресми статистикаға сәйкес, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 5 млн 973 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған. Ішкі туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 562 мың адамға артқан. 2023 жылғы көрсеткіш – 5,4 млн адам.
Ішкі туризм бағыты бойынша көш басында Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысы тұр. Бұл аймақтар туристерді ерекше табиғатымен, дамыған инфрақұрылымымен өзіне тартады.
Ішкі туристер санының артуы қазақстандықтардың ел бойынша жиі саяхаттайтынын көрсетеді. Ішкі туризмді қолжетімді, тартымды және жайлы ету үшін жұмыс істелуде. Осы мақсатта инфрақұрылымды дамытып, жаңа бастамаларды қолдап жатырмыз, – деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.