Жамбыл облысында жолда қалған жолаушылар құтқарылды

Дәурен Ерболат

Трассада автобустың аударылғаны анықталды

Фото: ТЖМ

Шу ауданында мамандар жолда қалған жолаушыларға көмектесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, бүгін 112 пультіне Шу ауданы «Алматы-Ташкент» жолының 245-шақырымында жолаушылар автобусы аударылғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетіп, 9 адамды жақын маңдағы дәмханаға эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.