×

Шөкеев өңірдегі мектептерде еден жуушыға дейін жұмысқа парамен кіргенін айтты

Қазір өңірде жемқорлық азайған, дейді ол

фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте аймақтағы жемқорлық мәселесі жайлы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Осыдан екі-үш жыл бұрын облыстағы білім саласында еден жуушыға дейін жұмысқа пара беріп кіреді деген сөз болды. Мұнымен күресу үшін цифрландыру арқылы жұмысқа тұруды енгіздік. Портал құрып, жұмысқа сол портал арқылы ғана жұмысқа алатындай қылдық. Сол портал арқылы 12 мың өтініш түсті. Оның ішінде 5 мыңы жұмысқа орналасты. Олардың арасында мұғалім, техникалық қызметкер де бар», – дейді аймақ басшысы.

Әкім парақорлықпен күреске полиция да, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі де жұмыла кіріскенін атап өтті. Соның арқасында өңірде жемқорлық азайған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама