Тараз қаласы шекарасына жаңа жерлер қосылады

Динара Амантай

Үкіметтің тиісті Қаулысы әзірленді

Фото: Жамбыл обл. әкімдігінің баспасөз қызметі

Тараз қаласы шекарасына жаңа жерлер қосылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Осы қаулыға сәйкес Байзақ және Жамбыл аудандарының жалпы ауданы 12 906,7 гектар болатын жерінің бір бөлігін қосу арқылы Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы «Жамбыл облысы Тараз қаласының, Жамбыл және Байзақ аудандарының шекараларын өзгерту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 17-5 бірлескен шешіміне және Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №243 қаулысына келісім берілсін, – делінген құжат мәтінінде.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.