Астанада көлік шиналарын жою цехы өртенді
Зардап шеккендер жоқ
Елордалық өрт сөндірушілер үлкен жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, түнде Сарыарқа ауданында Көктал көшесінде орналасқан автокөлік шиналарын жою цехында резеңке бұйымдар, жабдықтар және шатырдың ағаш бөлігі жанған.
Жалынға оранған ғимараттан өрт сөндірушілер 2 газ және 2 оттегі баллондарын шығарып үлкен жарылыстың алдын алды, – делінген хабарламада.
Өрт 500 шаршы метр аумақта жойылды. Зардап шеккендер жоқ.