Halyq Uni логотип
×

Талдықорғанда мамандар арнайы оқудан өтті

Санитариялық қауіпсіздік қырағы бақылауда

 Дәурен Ерболат 05.12.2024 | 13:13
Талдықорғанда мамандар арнайы оқудан өтті
Фото: ПІБ МО санитариялық сараптама орталығы

Талдықорғанда санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен өндірістік бақылаудың өзекті мәселесіне арналған семинар өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іс-шараны Президенті іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен Жетісу облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Мақсат – азық-түлікті өндіру мен сатудың барлық кезеңінде қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Семинарға 116 сала өкілі қатысты: инспекторлар, өндірушілер мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өкілдері және тағы басқа. Іс-шара «ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында ұйымдастырылған ауқымды оқыту бағдарламасының бір бөлігі саналады.

Қатысушылар өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңның талаптарын орындау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде маңызды саналатын зерттеулер жүргізді. Жергілікті мамандар алған білімін өңірдегі санитариялық қауіпсіздікті сақтауға қолдана алады, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін 5 өңірде өткен семинарға жалпы 1500-ден аса маман қатысып, біліктілігін шыңдаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама