Бөлімдердегі техника жаңартылады
ТЖМ шетелден өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарын сатып алуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарын өндіретін Magirus компаниясының өкілдерімен кездесті. Онда өрт сөндіруге арналған робот кешені мен 68 метрге көтерілуге мүмкіндік беретін автосатысы бар көлік ұсынылды.
Министрлік техниканың жоғары сапада болғанын қалайды. Біз төтенше жағдай кезінде жеделдікті арттыру үшін аумақтық бөлімшелерде арнайы жабдықты жаңартуды жалғастырамыз, - деді Шыңғыс Әрінов.
Сондай-ақ жиында Қазақстанда өрт сөндіру техникасын шығару, оларға қызмет көрсету мәселесі де талқыланды.