Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында пара алған шенеунікке сот үкімі шықты

Үкім заңды күшіне енді

 Динара Амантай 05.12.2024 | 18:00
Қостанай облысында пара алған шенеунікке сот үкімі шықты
Фото: Halyq Uni

Рудный қалалық соты «Тобыл – Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы С. Мұқашевке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикор ақпаратына сәйкес, ол жоспарлы тексеру шеңберінде су заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қолданбағаны үшін Рудный қаласының бау-бақша кооперативтерінің бірінің төрағасынан 1,1 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 33,3 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама