Halyq Uni логотип
×

Қошанов әйелдердің зейнет жасын азайту мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді

Ол бұл мәселе күрделі екенін айтты... 

Қошанов әйелдердің зейнет жасын азайту мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді
фото: qazaly.kz

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі қаларып жатыр. Бұл туралы Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді.

Мәжіліс спикері мемлекеттің мүмкіндіктерін ескеру қажеттігін, сондықтан бұл мәселе күрделі екенін атап өтті. 

«Бұл мәселені бұлай жеңіл қарауға болмайтын шығар. Себебі, бұл мемлекеттің мүмкіншілігін қарау керек. Барлық жағынан. Бүгінгі күні сондай талап-тілектер айтылып жатыр. Оны біз білеміз. Өңірлерге барған кезде де ондай мәселелер айтылды. Ол бойынша Үкімет тиісті құзыретті біздің орган жұмыс жасап жатыр», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. 

Еске салайық, өткен аптада сенаторлар әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-ге дейін қысқартуды ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама