Астанада оқушылардың дұрыс тамақтануы талқыланды

Дәурен Ерболат

Бүгінде балалар арасында семіздік мәселесі өзекті

Фото: БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы

Елордада оқушылардың дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Семинарды БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы өткізді. Оған Парламент депутаттары, мүдделі министрліктер мен әкімдіктердің өкілдері, фермерлер, саудагерлер, мектептер мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты.

Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың тамақтану әдетінде жағымсыз өзгерістер байқалып отыр. Адамдардың майлы тағам, трансмай қышқылдары, қант және тұз көп қосылған тағамдарды көп тұтынуы алаңдатады.

Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың қант қосылған сусындарды көп ішуі, ұялы телефонда көп отыруы артық салмақ пен семіздік мәселесін өзекті етеді. Оқушылардың қант пен майлы тағамдарды шамадан тыс тұтынуы жағдайға назар аудартады. Сондықтан олардың дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру маңызды және мектепте біртұтас тамақтану саясатын ұстану қажет, - деп жазылған БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы таратқан хабарламада.