Ол бұған дейін әділет министрі қызметін атқарған еді
Жақында Бекетаевтың орнына Қанат Мусин келді.
Үкімет басшысының өкімімен Марат Бақытжанұлы Бекетаев Премьер-министр кеңесшісі болып тағайындалды, дейді Үкіметтің баспасөз қызметі.
МАРАТ БЕКЕТАЕВ
Марат Бақытжанұлы Бекетаев 1977 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және сасяи ғылымдар мектебін тамамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы «СІМ дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаменті» РМК ұйымдық - хаттамалық бөлімінің ақпаратты өңдеу секторының меңгерушісі болып бастады.
2002 жылдан 2003 жылға дейін – Алматы қалалық «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету бойынша басқармасы» ЖАҚ ұйымдық - талдау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2003 жылғы тамыз айы мен желтоқсан айы аралығында – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарды.
2004 жылғы қаңтардан қыркүйек айына дейін – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Ақпарат және тестілеу орталығы» ММ директорының орынбасары лауазымында болды.
2004 жылғы қыркүйек айынан 2006 жылға дейін – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры болып қызмет атқарды.
2006 жылдан 2007 жылға дейін – Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2007 жылы – Премьер-министр кеңесшісі қызметін атқарды.
2007 жылдан 2010 жылға дейін – Әділет вице-министрі лауазымында болды.
2010 жылдан бастап – Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.
2016 жылдан бастап – Әділет министрі.
2011 жылы – «Құрмет» орденімен марапатталды.