Сондай-ақ, халықтың жұмысқа қабілеттілігі нашарлағаны айтылды
Қазақстанда уақыт белдеуін UTC+5-ке ауыстыру көптеген салаға кері әсерін тигізгенін дәлелдейтін мәліметтер жарияланды. Бұл туралы «Уақытты қайтару» қоғамдық қозғалысының өкілдері баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni HALYQSTAN телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Биофизик, әлеуметтанушы және Қаржы министрлігі жанындағы мемлекеттік қаржы жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі Жанар Жандосованың айтуынша, уақыт белдеуін өзгерту елімізде шамамен 11,5 миллион халыққа кері әсерін тигізген.
Оның сөзінше, батыс өңірлер тұрғындардың тек 10%-ының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігі нашарлаған болса, елдің орталығында бұл көрсеткіш 50%-ға, ал шығысында 80%-ға жеткен.
Ең қызығы, кешкі 17:00-ден кейін көшедегі қауіпсіздік айтарлықтай төмендеген. Құқықтық статистикаға сүйенсек:
Сауда саласындағы қиындықтарды «Шағын және орта бизнесті қорғау тәуелсіз кәсіподағының» төрағасы Елена Мотькина атап өтті.
Алматыдағы «Солтүстік айналма» жолында 16:30-да қараңғы түседі. Ал ол жерде 35 мың саудагер жұмыс істейді. Кешкі уақытта базарға ешкім келмейтіндіктен, сауда уақыты 10 сағаттан 7 сағатқа қысқарды, – дейді ол.
Соның кесірінен сауда көлемі 50-70%-ға азайған. Бұрын орташа тәуліктік табыс 100-150 мың теңге болса, қазір 30-40 мың теңге шамасында.
«Халықаралық құқықтық бастама» қорының заңгері Амангелді Шорманбаев Конституциялық сотқа шағым түсірілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды қолдан жасауға әкелген.