Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда мүгедек балаларға бөлінген қаржы жымқырылған

Қылмыстық іс тергеліп жатыр

 Дәурен Ерболат 04.12.2024 | 16:45
Көкшетауда мүгедек балаларға бөлінген қаржы жымқырылған
Фото: Halyq Uni

Көкшетауда қалалық прокуратура мүгедек балаларға бөлінген қаржы ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокуратура Artsport және DamuBala бағдарламалары аясында балаларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт секцияларына бөлінген бюджет қаржысые жымқырудың қылмыстық схемасын анықтады, - деп жазылған хабарламада.

Көкшетауда мемлекеттік тапсырыстарды жеткізушілердің бірі секцияларға мүлдем қатыспаған балаларға орындалған жұмыстың актілерін ұсынған. Осыған байланысты прокуратура алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама