«Қазпошта» басқарма төрағасының жалақысы қанша?

Дәурен Ерболат

Ұлттық компанияда басшылар сыйақы алмайды

Фото: Halyq Uni

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова жалақысы қанша теңге екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мен ашық түрде (жалақымды) айтайын. Өткен жылы да мұны айтқанмын. 1 млн 200 мың теңге жалақы аламын. Бұл ұлттық компаниялар деңгейінде берілетін (еңбекақы) деп білемін. Оны жасырудың қажеті жоқ. Сіздер (журналистер) бонус, сыйақы туралы сұрақ қоясыздар. «Қазпошта» АҚ қаражат бойынша 2023 жылы ғана сәл плюске шықты. Біз бонус пен премия алмаймыз, – деді Әсел Жанасова Мәжілістің жалпы отырысынан соң. 

Оның айтуынша, биыл Жаңа жылға орай компанияның басқарма төрағасы мен мүшелері ешқандай сыйақы алмайды.

Себебі «Қазпошта» АҚ-ның дағдарысқа қарсы бес жылдық жоспары бар. Осыны орындасақ, онда (сыйақы беруді – автор) қарастыратын шығармыз. Мұнда менің жағдайым емес, поштаның жағдайы бірінші орында тұр, – деді басқарма төрағасы.