Таулы аудандарда қар көшкіні болуы мүмкін

Динара Амантай

ТЖМ ескерту жасады

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Республикамыздың таулы аудандары әртүрлі дәрежеде қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, қар көшкіні көбіне Іле Алатауы жотасының беткейлерінде (Алматы қаласы) және Алтай (ШҚО) тауларында байқалады.

Қыстың басы мен көктемнің басы қар көшкіні белсенді болатын ең қауіпті кезеңдер болып саналады. ТЖМ тау беткейлеріндегі тұрақсыз ға байланысты қар көшкінін болдырмау үшін таулардың қар басқан беткейлеріне шықпауды және тауларға барудан бас тартуды ұсынады, – делінген хабарламада.

Биыл жалпы көлемі шамамен 1,2 млн текше метр болатын қар көшкінінің өздігінен түсу жағдайының 213 дерегі тіркелді. Қазір қар биіктігі норма шегінде, кей жерлерде нормадан асады.