«Каспий» ФК жиындарына бөлінген 27 млн теңге жымқырылған

Динара Амантай

Үш адам қамауға алынды

Фото: Halyq Uni

«Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Маңғыстау облысы прокуратурасы мәліметінше, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлеген. Сонымен қатар оны қорқытып, 15 млн теңге алуға әрекеттенген.

2024 жылы 3 желтоқсанда футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді, – делінген хабарламада.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.