Шымкенттегі колледж жатақханасын салуға 2,6 млрд теңге бөлінді
Ғимарат 300 адамға арналған
Шымкент қаласындағы Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, Үкімет арнаулы мемлекеттік қордан осы мақсаттарға 2,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлген. Қазіргі жатақхана тек 120 адамға арналған, оқушылар саны – 363, ал 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр.
Бұл жердегі ең қиын мәселе – жатақхана. 120 балаға арналған ғимаратта 360 бала, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар оқып, тұрып жатыр. Мәселені шешу үшін 300 орынға есептелген жатақхана құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Ғимарат қосымша үй-жайлармен жабдықталады, – деп атап өтті Шымкент қаласы білім басқармасының маманы Ерлан Пірімқұлов.