Cирек кездесетін металдардың жаңа орындары табылды

Динара Амантай

12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Cирек кездесетін металдардың жаңа орындары табылды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрдің айтуынша, сирек кездесетін металдар саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгінде жерде сирек кездесетін металдар қоры шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесі учаскесінің болашағы туралы деректер бар, – деді Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ министрліктің мәліметінше, жерде сирек кездесетін металдарды барлауды Cove Capital және HMS Bergbau сияқты жеке компаниялар жүргізеді.