Halyq Uni логотип
×

Дефолт болмайды – министр

Мемлекетте резерв бар

 Дәурен Ерболат 02.12.2024 | 16:16
Дефолт болмайды – министр
Фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанда доллардың күрт қымбаттауы салдарынан дефолт болмайтынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Біріншіден, ешқандай дефолт күтілмейді – не үкімет, не квазимемлекеттік, не банк секторлары тараптарынан. Жалпы қаржылық жағдай тұрақты, мемлекетте резерв бар. Сондықтан қандай да бір дефолт туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ, – деді Нұрлан Байбазаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ, вице-премьер еліміз шетелден келетін тауарларға тәуелді екенін мойындады.

Екіншіден, импортқа тоқталайын. Бізде азық-түлік емес тауарларға, яғни құрылыс материалдарына, жабдықтар мен техникаға тәуелділік бар. Бұл бағытта жұмыс белсенді түрде жүргізіліп жатыр.  Біз доллардың орташа жылдық бағамын 470 теңге деңгейінде белгіледік. Әзірше, бұл бағамды қайта қарауды жоспарлап отырған жоқпыз. Валюта бағамының динамикасын бақылаймыз, бірінші тоқсанда оның қай бағытта болатыны белгілі болады, – деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама