Балаларға ауыр жағдайда көмек көрсету тәртібі әзірленді
Қазақстанда педиатриялық көмек көрсету стандартына өзгерту енгізу жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасын Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, құжат ұйымның барлық деңгейлерінде Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында әзірленген.
Бұйрық жобада балаларға көмек көрсететін МСАК ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері бөлінді, бұл балаларға медициналық көмек көрсетуді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Құжатта учаскелік дәрігерлер мен педиатрлардың функционалдық міндеттері егжей-тегжейлі сипатталған. Сондай-ақ, баланың өміріне, денсаулығына және дамуына қауіп төндіретін медициналық және психо-әлеуметтік тәуекелдерді анықтау және жою мақсатында балаларға патронаж жүргізу тәртібі айқындалған.
Балаларға ауыр жағдайда көмек көрсету тәртібі әзірленді. Жоба теріс салдарға әкеп соқпайды және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне әсер етпейді.
Құжат жобасы 13 желтоқсанға дейін Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылды.