Halyq Uni логотип
×

Майқайың кентінің халқы Байхановтан көмек сұрады

Елді мекенде жылуға қатысты шешілмеген мәселе бар

 Дәурен Ерболат 02.12.2024 | 13:39
Майқайың кентінің халқы Байхановтан көмек сұрады
Фото: pavlodarnews.kz/ Валерий Бугаев

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтан Майқайың кентінің тұрғындары көмек сұрады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, кент тұрғындарын өңір басшысы жеке қабылдады. 

Олар Асайын Байхановқа Майқайыңды жылумен толық қамту үшін қосымша қуат керегін айтты.

Өңір басшысы қазір энергетикалық аудит жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша кентті жылумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама