Алматыда «Marvel қаһармандары» коммуналдық қызметкерлерге көмектесті
Қалада қысқа дайындық жұмысы аяқталды
Алматыда «Marvel қаһармандары» аула сыпырушыларына көмектесті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Іс-шара «Атекент» іскерлік орталығының маңызда өтті. Онда Superman, Batman, Spider-Man, Hulk көшені тазалауға көмектесіп, алматылықтарды қаланы таза ұстауға шақырды.
Мен тұрғындардан көмек сұрадым. Кейбірі сыпырғыш алудан бас тартса, енді бірі оған қуана-қуана келісті. Қызылордада келген қонақ Алматы таза қала екенін, мұнда сенбілік жиі өтетінін атап өтті. Сондай-ақ мен балаларға көшені сыпыруды үйреттім. Олар жұмысты қуанып жүріп істеді. Егор атты бала Алматыда қаланың тазалығына жауап беретін адамдар көп екенін айтты, - деді Spider-Man.
Superman мен Batman қоқыс салынған арбаны сүйресе, ал Hulk жолда тұрып қалған жүк көлігін «итеруге» көмектесті.
Мұнда мен достарыммен келдім. Бүгінгі жұмыс маған ұнады, жаңа тәжірибе жинадым. Қаланы таза ұстау да маңызды. Мен аула сыпырушылардың еңбегін бағалаймын. Қаладағы адамдар өте мейірімді екен және бізге көмектесті, - деді Superman.
Коммуналдық қызметкерлер «Marvel қаһармандарына» алғысын айтты.
Бүгін қалада сенбілік өтіп жатыр. Бізге Superman, Batman, Spider-Man, Hulk көмектесті. Олар бізге ыстық шай берді, еңбегімізді жоғары бағалайтынын айтты. Біз осындай іс-шараның ұйымдастырылғанына өте қуаныштымыз. Қаланы таза ұстайықшы. Алматылықтарды қоқысты қоқыс жәшігіне тастауды сұраймыз, бұл жұмысымызды жеңілдетеді. Осындай керемет акцияны ұйымдастырғандарға рақмет айтамыз, - деді аула сыпырушы Татей Қыстаубаева.
Тазалық акциясына қала тұрғындарына да қатысты. Сондай-ақ жақын маңдағы кафе мен дүкендердің қызметкерлері «Marvel қаһармандарымен» бірге суретке түсті.
Мен Алматыда тұрамын. Бүгін Superman, Batman, Spider-Man, Hulk-тың көшені тазалап жүргенін көрдім. Бұл жұмысқа жауапкершілікпен қараған қала әкімдігіне алғыс айтамын. Жыл сайын Алматы таза әрі көркем қалаға айналып келеді. Коммуналдық қызметкерлердің жұмысын жеңілдету үшін жаңа техникалар сатып алынып жатқанын байқаймын. Коммуналдық қызметкерлер адал жұмыс істеп жүр, - деді сауда орталығының қауіпсіздік қызметінің басшысы Қанат Дүйсенбиев.
Экологиялық акцияны ұйымдастырушылар осылай қала тұрғындары мен қонақтарының назарын тазалық мәселесіне аударғысы келеді. Олар мұндай іс-шара экологияға жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді деген ұстанымда.
Айта кетейік, Алматыда тазалық апталығы аясында коммуналдық қызмет қысқа дайындық жұмысын аяқтады. Бүгінде қар тазалайтын 841 арнайы техника мен 1400 жұмысшы бар. Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының автопаркі 32 техникамен толықты. Кәсіпорын 2 318 көше мен ұзындығы 2 777 шақырым болатын жолдың тазалығына жауапты.
Сонымен қатар қалада көше мен жолдың тазалығына жауап беретін 10 мердігер ұйым бар.