Жобаларға салынған инвестиция көлемі 4,1 млрд теңгеден асады
Астанада уәкілетті мемлекеттік орган 4 инвесторға жер телімдерін беруден негізсіз бас тартқан, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала прокуратурасы ақпаратына сәйкес, бас тартулар ақпараттық жүйелердегі техникалық проблемаларға негізделген, соның салдарынан іргелес жер пайдаланушылардың учаскелері бір-бірінің үстіне қойылған. Осыған баланысты инвесторлар ұзақ уақыт бойы инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыру үшін жер учаскелерін ала алмаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша инвесторлардың проблемалық мәселесі шешіліп, кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралар «халал» стандарттары бойынша жартылай фабрикаттар өндіру цехын салу, мұнай өнімдері қоймасын салу және пайдалану, өндірістік-қойма кешенін пайдалану және газоблок өндірісі бойынша жобаларды іске асыруды жалғастыруға ықпал етті, – делінген прокуратура хабарламасында.
Бұл жобаларға салынған инвестиция көлемі 4,1 млрд теңгеден асады. Оларды іске асыру 240-тан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.