ҰҚК Шекара қызметі биыл қарашадағы жұмыстың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
2024 жылғы 11 айда Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 5 785 адамды ұсталды. Оның ішінде:
- 17 шетелдік шекараны бұзғаны үшін;
- 19 шетелдіктің шекараны бұзып өту әрекетінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 313 заңсыз алып өту фактісіне жол берілмеді. Оның ішінде:
- 26 – есірткі заттары;
- 62 – қару мен оқ-дәрі (30 атуға жарамсыз қару, 1 қару,
- 1 пневматикалық қару, 43 суық қару, 136 оқ-дәрі, 18 электрошокер);
- 35 – діни әдебиет (1 215 дана);
- 414 – құны 50 млн теңгеден асатын жанар-жағармай (55 литрден асады);
- 644 – 3,5 млрд теңгеден асатын халық тұтынатын тауарлар;
- 132 – 3 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий теңізінде 7 браконьерлік дерегіне жол берілмеді:
- 1 жүзу құралы;
- Ұзындығы 44,3 шақырым тор (браконьерлік балық аулау құралы);
- 206 (1 633 келі) бекіре тұқымдас балық;
- 46 (30 келі) таза тұқымдас балық;
- 28 итбалық;
- Алдын ала болжам бойынша залал сомасы – 620 млн теңге.
Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.