Halyq Uni логотип
×

Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 5,7 мыңнан аса адам ұсталды

Шекарадағы барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

 Дәурен Ерболат 02.12.2024 | 09:45
Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 5,7 мыңнан аса адам ұсталды
Фото: ҰҚК Шекара қызметі

ҰҚК Шекара қызметі биыл қарашадағы жұмыстың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni

2024 жылғы 11 айда Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 5 785 адамды ұсталды. Оның ішінде:

  • 17 шетелдік шекараны бұзғаны үшін;
  • 19 шетелдіктің шекараны бұзып өту әрекетінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 313 заңсыз алып өту фактісіне жол берілмеді. Оның ішінде:

  • 26 – есірткі заттары;
  • 62 – қару мен оқ-дәрі (30 атуға жарамсыз қару, 1 қару,
  • 1 пневматикалық қару, 43 суық қару, 136 оқ-дәрі, 18 электрошокер);
  • 35 – діни әдебиет (1 215 дана);
  • 414 – құны 50 млн теңгеден асатын жанар-жағармай  (55 литрден асады);
  • 644 – 3,5 млрд теңгеден асатын халық тұтынатын тауарлар;
  • 132 – 3 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий теңізінде 7 браконьерлік дерегіне жол берілмеді:

  • 1 жүзу құралы;
  • Ұзындығы 44,3 шақырым тор (браконьерлік балық аулау құралы);
  • 206 (1 633 келі) бекіре тұқымдас балық;
  • 46 (30 келі) таза тұқымдас балық;
  • 28 итбалық;
  • Алдын ала болжам бойынша залал сомасы – 620 млн теңге.

Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама