Желтоқсанда қосымша пойыздар жүреді

Дәурен Ерболат

Барлық пойызда купе және плацкарт вагондары бар

Фото: 11

Елімізде Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қосымша пойыздар төмендегі бағыттар бойынша жүреді:

№201/202 «Астана-Алматы» пойызы:

  • Астанадан: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан, 2025 жылғы 1, 4 қаңтары.
  • Алматыдан: 2024 жылғы 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан, 2025 жылғы 2, 5 қаңтар.

№203/204 «Астана-Шымкент» пойызы:

  • Астанадан: 2024 жылғы 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылғы 1, 4 қаңтар.
  • Шымкенттен: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан, 2025 жылғы 2, 5 қаңтары.

№205/206 «Ақтөбе-Астана» пойызы:

  • Ақтөбеден: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан, 2025 жылғы 1, 4 қаңтары.
  • Астанадан: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан, 2025 жылғы 3, 6 қаңтар.

Биыл 13 желтоқсаннан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:

  • «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электр пойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.
  • «Павлодар-Астана-Бурабай курорты» электрпойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі қатынайды.