Желтоқсанда қосымша пойыздар жүреді
Барлық пойызда купе және плацкарт вагондары бар
Дәурен Ерболат
02.12.2024 | 09:03
Елімізде Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қосымша пойыздар төмендегі бағыттар бойынша жүреді:
№201/202 «Астана-Алматы» пойызы:
- Астанадан: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан, 2025 жылғы 1, 4 қаңтары.
- Алматыдан: 2024 жылғы 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан, 2025 жылғы 2, 5 қаңтар.
№203/204 «Астана-Шымкент» пойызы:
- Астанадан: 2024 жылғы 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылғы 1, 4 қаңтар.
- Шымкенттен: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан, 2025 жылғы 2, 5 қаңтары.
№205/206 «Ақтөбе-Астана» пойызы:
- Ақтөбеден: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан, 2025 жылғы 1, 4 қаңтары.
- Астанадан: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан, 2025 жылғы 3, 6 қаңтар.
Биыл 13 желтоқсаннан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:
- «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электр пойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.
- «Павлодар-Астана-Бурабай курорты» электрпойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі қатынайды.