Қазақстан мен Қытай шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматта алмасуды бастады

Динара Амантай

Шара жемқорлық тәуекелдерін азайтуды көздейді

Фото: Halyq Uni

Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкісін алмасу бұдан былай электронды форматта жүргізіледі. Бұл туралы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті мәлімдеді,  деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес,  жыл басынан бері Қытай тарапымен 190 мың дана жүкті тасымалдауға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізілген. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Екі елдің жауапты ведомстволары қосымша 40 мың дана көлеміндегі шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу бойынша келіссөздер жүргізді. Оның 30 мыңы электронды форматтағы жаңа жүйені қолдану арқылы жүргізілсе,  қалған қосымша 10 мың дана қағаз жүзінде болды. 

Электронды бланкілерді енгізу жүк тасымалдау процесін барынша жеңілдетіп, адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.