Halyq Uni логотип
×

Жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейінде дабыл қағылады - Қорғаныс министрлігі

Қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін

 Халық үні 30.11.2024 | 14:04
Жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейінде дабыл қағылады - Қорғаныс министрлігі
фото: gov.kz

Жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты қорғаныс саласында дабыл қағылады, деп хабарлайды Halyq Uni Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Барлық әскери басқару органы, қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі.

Желтоқсан айының басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабыл бойынша көтеріледі. Жеке құрам мен әскери техника кешенді тактикалық-саптық сабақтар мен жаттығулар өтетін орынға жөнелтіледі, - деп жазды ведомство.

Қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін.

Осыған байланысты азаматтардан және БАҚ өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз, – деп мәлімдеді министрлік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама