Дәрігерлер инсульт алған 66 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды
Науқас комада болған
Қонаевта дәрігерлер миына қан кетіп, инсульт алған 66 жастағы әйелді өлімнен құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, операция қаладағы көпбейінді ауруханада жасалды.
Пациентке артқы ми артериясы аневризманың жарылуы деген диагноз қойылды. Мұндай дигназ қойылса, адамың тірі қалуы өте сирек кездеседі. Компьютерлік томография нәтижесінде ми жұмысының бұзылғаны, ми діңіне қан кеткені және науқастың өміріне қауіп төніп тұрғаны анықталды, - деді дәрігер Гүлнәр Бөпешбаева.
Пациентке отаны нейрохирург Марат Ғизатуллин жасады. Сондай операцияға реаниматолог Карина Үдербаева, Марат Мұратбеков, Данияр Жиренбаев, Қуаныш Телағұсов, Қанат Рахимов қатысып, тиісті медициналық көмек көрсетті. Науқастың ұлы дәрігелерге шексіз алғысын айтып, оларға зор денсаулық тіледі.
Бір айдан соң 66 жастағы әйел мамандандырылған медициналық орталықта оңалтудан өтеді.
Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін жасалды.