Табиғи монополиялар субъектілерін жасырын субсидиялау мүмкіндігі жойылды
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді
Табиғи монополиялар субъектілерін жасырын субсидиялау мүмкіндігін болдырмау үшін Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жылумен қамту саласындағы басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит барысында тұтынушылар топтары арасындағы тарифтерде айтарлықтай айырмашылық бар екені анықталған болатын. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне тұтынушылар топтары арасындағы тарифтер айырмашылығын кезең-кезеңімен қысқарту үшін Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына қажетті өзгерістер енгізу тапсырылды, – делінген Жоғары аудиторлық палата хабарламасында.
Нәтижесінде премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар есепке алу құрылғыларының болуы немесе болмауына байланысты жылу энергиясымен қамту жөніндегі қызметтерге тарифтерді саралау енгізілді.