Halyq Uni логотип
×

Швецияда KazakhFilmWeekend фестивалі өтті

Іс-шара қос ел арасындағы мәдени байланысты нығайтады

 Дәурен Ерболат 29.11.2024 | 10:44
Швецияда KazakhFilmWeekend фестивалі өтті
Фото: Қазақстанның Швециядағы елшілігі

Стокгольмде KazakhFilmWeekend фестивалі өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іс-шара Қазақстанның Швеция корольдігіндегі елшілігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы және Швециядағы «Достар» қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Filmhuset кино үйінде өткен жиынға Қазақстанның Швеция корольдігіндегі елшісі Олжас Сүлейменов, қоғам қайраткерлері, диаспора өкілдері мен журналистер қатысты.

Фестивальде режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис», Әділхан Ержановтың «Обучение Адемоки, Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмдері көрсетілді. Соңғы кино 2025 жылғы «Оскар» сыйлығының «Шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясына ұсынылды. 

Фестиваль Швеция мен Қазақстан арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтып, мәдени диалогты орнатуды көздейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама