Halyq Uni логотип
×

Алматыда жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Қаулы заңды күшіне енді

 Динара Амантай 29.11.2024 | 10:00
Алматыда жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
Фото: Halyq Uni

Алматыда жеке сот орындаушысы әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар заңбұзушылықтарға жол берген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала прокуратурасының мәліметінше, алимент өндіріп алуға байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу кезінде заңбұзушылықтар анықталды. Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созбалаңдыққа салуға жол берген.

Сондай-ақ, бұғаттауларды заңсыз алып тастау, берешектерді өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу жағдайлары анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама