Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында полицейлер құмды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топты анықтады. Олар мемлекетке 437 млн теңге көлемінде шығын келтірген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полицейлер Түркістан облысы Келес ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан адамдардың қызметін тоқтатты. Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері пайдалы қазбаларды (қиыршық тасты) өз бетінше сатқан 4 күдіктіні ұстады.
Келтірілген залал – 437 миллион теңге.
Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктілерден 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 4 жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркілеп алды. Қазір осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында.
Аталған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.