Halyq Uni логотип
×

Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады

Ол ұстазына алғыс айтты

 Дәурен Ерболат 29.11.2024 | 09:05
Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады
Фото: dimashnews.com

Дубайда өткен (БАӘ) Distinctive International Arab Festivals Awards фестивальде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әнші фестивальде Stranger концерттік турын таныстырды. Димаш Құдайберген жүлдесін рухани ұстазы Бибігүл Төлегеноваға арнады.

Рухани ұстазымыз, ән әлемінде қызмет етіп жүрген млн-даған адамның анасы, әжесі – Бибігүл Төлегенова.  Бибігүл апайымыз 95 жасқа толды. Осы жеңісімді апайымыздың құрметіне арнасам деп шештім. Апайымыз менің әрбір сахнаға шығар сәтімде немесе басқа мемлекеттердегі халықаралық байқауға барар кезімде бата беруден аянбай, әрқашан болысып жүргенін білесіздер. Сондықтан тілеуімді тілеп отырған Бибігүл апайымызға осы сыйлықты арнағым келеді, - деді танымал әнші.

Ол ұстазы жастайынан қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды-көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін, – деді Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Біріккен Араб Әмірліктерінде халықаралық DIAFA сыйлығын алды. 

Марапаттау рәсім Дубайда өткен. Димаш өнерге қосқан үлесі үшін марапатталған.

DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) — Дубайда жыл сайын берілетін халықаралық сыйлық. Марапат өнер, мәдениет, бизнеске және гуманитарлық қызметке қосқан үлесі үшін әртүрлі елдің өкілдеріне беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама