Астаналық құтқарушылар 89 жастағы кейуанаға көмектесті

Дәурен Ерболат

Ол пәтерінен шыға алмай қалған

Скрин видео

Елордада құтқарушылар 89 жастағы әйелге көмектесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Алматы ауданы Петрова көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Ондағы пәтерде тұратын 1935 жылы туған әйел ұзақ уақыт байланысқа шықпаған және есікті де ашпаған. Кейуананың ұлы құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрады.

Мамандар альпинистік жабдықтардың көмегімен 5-қабаттағы пәтерге көтеріліп, үйге балкон арқылы кірді. 89 жастағы әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.