Halyq Uni логотип
×

Алматыда 12 мұз айдыны тегін жұмыс істейді

 Динара Амантай 28.11.2024 | 16:41
Алматыда 12 мұз айдыны тегін жұмыс істейді
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін 12 тегін ашық мұз айдыны жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қалалық спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мұз айдындары күн сайын келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:

  • Республика Сарайының алдындағы Абай алаңы;
  • Halyk Arena;
  • 28 батыр-панфиловшылар атындағы саябақ;
  • Тұңғыш Президент саябағы;
  • Наурызбай әкімдігінің алдындағы алаң;
  • ҚБТУ тұрағы;
  • «Авиатор» стадионы;
  • Көкжиек ш/а;
  • «Гүлдер» саябағы;
  • Алматы Арена;
  • №6 оқушылар үйі;
  • Мүсірепов атындағы жасөспрімідер теартының алды.

Жоба бұқаралық спортты дамыту аясында және қала тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында іске асырылып жатыр. Мұз алаңдарының ауданы 500 шаршы метрден 1 900 шаршы метрге дейін жетеді.

Барлық мұз айдындарының күтілетін өткізу қабілеті – бір маусымда 300 мыңнан астам адам.

  • Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейтін болады.
  • Конькиді жалға алу құны – сеанс үшін 1,5 мың теңге (2 сағат).
  • Беру пункттерінің жұмыс режимі: жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс және мереке күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін.
  • Конькимен сырғанау толығымен тегін.

Жоспарланған ашылу күні – мұз алаңдары үшін қолайлы ауа райы жағдайында осы жылдың 1 желтоқсаны. Бірнеше мұз айдынының техникалық іске қосылғаны атап өтілді.

Айта кетсек, ашық мұз айдыны бойынша жобаны спорт басқармасы 2017 жылдан бастап іске асырып келеді. Осы уақыт ішінде оларға 2 миллионнан астам адам келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама